Лондондық «Арсеналдың» бұрынғы шабуылшысы Тьерри Анри Independent нұсқасы бойынша Англия Премьер-Лигасының үздік ойыншысы атанды.

Басылым Англия чемпионатының тарихындағы үздік 100 ойыншының тізімін жасады. Үздік 10 футболшының қатарына Рой Кин, Фрэнк Лэмпард, Уэйн Руни, Алан Ширер, Джон Терри, Патрик Виейра, Серхио Агуэро, Криштиану Роналду және Райан Гиггз енді. Ал чемпионаттың үздік ойыншысы Тьерри Анри деп танылды.