28 наурызда футзалдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2019 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіндегі екінші матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық футзалшылар Польша құрамасымен кездесті. Ойын поляктардың пайдасына аяқталды – 5:1.

Естеріңізге салсақ, бірінші матчта Қазақстан француздардан 3:7 есебімен ұтылған болатын.