ЕЧ-2019. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеуде тағы да ұтылды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз28 наурызда футзалдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2019 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіндегі екінші матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Қазақстандық футзалшылар Польша құрамасымен кездесті. Ойын поляктардың пайдасына аяқталды – 5:1.
Естеріңізге салсақ, бірінші матчта Қазақстан француздардан 3:7 есебімен ұтылған болатын.