«Кардифф Сити» клубының басшылығы әуе апатынан қаза тапқан Эмилиано Саланың трансферіне қатысты мәлімдеме жасады.

«Кардифф» трансфер үшін ақыны төлеу туралы кеш келіскендіктен футболшыны Премьер-Лига тізіміне тіркеп үлгермегенін айтады.

Сондай-ақ, «Нант» келісімшартта көрсетілген біршама заңи келісімдерді орындамаған. Осыған байланысты «Кардифф Сити» қаза тапқан футболшы үшін «Нантқа» ақша төлеуден бас тартып отыр. Бұл істі жақын арада ФИФА қарастырмақ.