«Ростов» бапкері Игорь Гамула Артёма Дзюбаның өнеріне баға берді. - Дзюба әр ойында жанын салып, пайдасын тигізуге тырысады. Кеше гол соғып қана қоймай Черышевке нәтижелі пас берген. Көрініп тұр, ол - қазіргі құраманың жаны. Артем командаластарын үнемі қолдап жүреді, - деді футбол маманы.