ММА-ден әлем чемпионы Рахман Дудаевтың көлігі екі адамды қақты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел баласымен қайтыс болды. Қайғылы оқиға кеше болған. «Нива» көлігінде үш адам отырған: күйеуі, әйелі мен баласы. «Гелендваген» жылдамдықты асырып «нивамен» соқтығысты. Кінәлі азаматтың аты-жөнін анықтау мүмкін болмай тұр, ол қашып кеткен. Ақпарат бойынша, «гелендваген» Дудаевтың атында тіркеуде тұр.