Карими кермедегі жаттығудың іріктеу кезеңінде 14.300 ұпаймен екінші орынға табан тіреді. Бірінші сатыда 14.333 ұпай жинаған хорватиялық Тин Србич, үшінші орында 14.133 ұпай иеленген ресейлік Алексей Ростов тұр. Осы жаттығуда сынға түскен тағы бір қазақстандық спортшы Ербол Жантықов іріктеуді 16-шы орынмен аяқтады. Ал гимнастикалық ат снарядындағы жаттығуда Карими 11-ші, Нариман Курбанов 30 орын иеленген болатын.