Болгариялық жаттықтырушы Станимир Стоилов түріктің "Фенербахче" клубының бас бапкері атануы мүмкін. Бұл жайында "Блиц" жазды.

„Фенербахченің“ қазіргі жағдайы мәз емес, стамбұлдық клуб ел біріншілігінде 12-ші орында келеді. Қазіргі таңда аталған клубты Эрсун Янал жаттықтырады, бірақ ол жақын арада қызметінен кетпек. Оның орнына болгариялық маман келеді деп жоспарлануда.

Стоиловтың соңғы қызметі Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерлігі болатын.