Армениялық жартылай қорғаушы Генрих Мхитарян биыл жазда «Арсеналдан» кетеді, деп жазады prosports.kz.

Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2021 жылдың жазына дейін жарамды келісімшарт болса да 30 жастағы футболшы командадан кетуге ниетті. Лондондық клуб та жаңа бапкер келгелі Мхитарянды бұрынғыдай бағаламайтын болған.

Айта кетейік, футболшы «Арсеналға» 2018 жылы қаңтарда «Манчестер Юнайтедтен» 34 млн еуроға ауысып келді. Содан бері 45 матчқа қатысып, 9 гол соқты және 12 нәтижелі пас берді.