«Зениттің» жартылай қорғаушысы Далер Кузяев Еуропа чемпионаты — 2020 іріктеу кезеңі аясында Қазақстанмен өтетін ойынға қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Russian.rt порталына сілтеме жасап.

Далер Кузяев Ресей мен Бельгия арасында өткен матчтың 24-минутында жарақат алып қалып, ойынды аяқтаған болатын.

Екі ойынға шеттетілген ресейлік жартылай қорғаушы Александр Головин де Қазақстанға қарсы өтетін ойынға қатыса алмайды.