Еуропа чемпионаты—2020 іріктеу кезеңі аясында Англия құрамасы Чехиямен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Уэмбли» алаңында өткен кездесуде алаң иелері 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы голды шабуылшы Рахим Стерлинг 24-минутта соқты. 1-ші тайм аяқталуға жақындағанда Гарри Кейн есепті еселеді. Ойынның екінші таймында Рахим Сиерилинг тағы екі гол соқса, 84-минутта чехиялық қорңаушы өз қақпасына гол жіберіп алды.

Турнирдің 2-ші турында Англия құрамасы Черногориямен кездеседі.