Ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов 2019 жылдың 7 қыркүйегінде кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosporrts.kz сайты.

Қарсыласының есімі әлі белгісіз. Бұл туралы журналист Азамат Бостанов өзінің Instagram-парақшасында «7 қыркүйекте Хабиб Нурмагомедов келесі жекпе-жегін өткізеді», - деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айында Невада штатының атлетикалық комиссиясы төбелес шығарған Хабибті 9 айға спорттан шеттеген болатын.