Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Жапонияда өтетін әлем чемпионатында сынға түседі.

20-24 наурыз аралығында Жапонияның Сайтама қаласында мәнерлеп сырғанаудан өтетін кезекті әлем чемпионаты өтеді. Әлемнің ең мықты спортшылары бақ сынайтын дүбірлі додаға Қазақстан атынан Элизабет Тұрсынбаева қатысады.