Чемпиондар лигасының финалдық кезеңі алдында «Қайрат» футзал клубының ресми сайты УЕФА кубогыТөрттік финалының тарихымен таныстыруды бастайды.

Бірден атап өтетін жайт, УЕФА кубогының өткізу жүйесі 2006/07 жылғы маусымда өзгерген. Сол уақыттан бастап бір қалада өтетін Төрттік финал жүйесі қалыптасты. Оған дейін еуропалық турнирдің жеңімпазын екі финал анықтайтын еді. Сондай-ақ, 2005/06 жылғы маусымда алматылық «Қайрат» алғаш рет үздік төрт команданың қатарына енді.

Еуропаның ең беделді турнирінің жүйесі өзгерген соң «Қайрат» Төрттік финалға алғаш рет 2007/08 жылғы маусымда өтті. Ол кезде команданы Жозе Алесио да Силва баптайтын еді. Кейін ол Какаудың көмекшісі болды. Қазіргі таңда Әзірбайжан құрамасы мен «Араз» клубын жаттықтырады. 2008 жылдан бері «Қайрат» бірде-бір мәрте Төрттік финалдан шет қалмады.

«Қайрат» 2007 жылдың күзінде Элиталық кезеңнің барлық үш матчында жеңіске жетті. Топта «Слов-Матик», «Топспорт» және «Хрудим» клубтарына еш мүмкіндік бермеді. Ал команданың құрамында Густаво, Самохвалов, Дантас, Рафаэль Дурвал, Какау, Дентинью, Бутрин, Пика Пау, Терентьев, Гарсездер доп тепкен.

Соқыр жеребе жартылай финалда «Қайратқа» ресейлік «ВИЗ-Синараны» қарсылас қылды. Алесионың командасы алғашқы таймда 1 бір доп айырмасымен жеңіп тұрған, алайда ойынның екінші бөлігінде жауапсыз төрт гол жіберіп алды. Ал үшінші орын үшін өткен ойында, тіпті, қақпасына бес гол жіберді. Ал ресейлік «ВИЗ-Синара» сол жылы УЕФА кубогының иегері атанды.