русский язык
Футзал

Финал тарихы. 2007/08 жылғы маусым

Финал тарихы. 2007/08 жылғы маусым
news-banner7
mobile-news-top

Чемпиондар лигасының финалдық кезеңі алдында «Қайрат» футзал клубының ресми сайты УЕФА кубогыТөрттік финалының тарихымен таныстыруды бастайды.

Бірден атап өтетін жайт, УЕФА кубогының өткізу жүйесі 2006/07 жылғы маусымда өзгерген. Сол уақыттан бастап бір қалада өтетін Төрттік финал жүйесі қалыптасты. Оған дейін еуропалық турнирдің жеңімпазын екі финал анықтайтын еді. Сондай-ақ, 2005/06 жылғы маусымда алматылық «Қайрат» алғаш рет үздік төрт команданың қатарына енді.

Еуропаның ең беделді турнирінің жүйесі өзгерген соң «Қайрат» Төрттік финалға алғаш рет 2007/08 жылғы маусымда өтті. Ол кезде команданы Жозе Алесио да Силва баптайтын еді. Кейін ол Какаудың көмекшісі болды. Қазіргі таңда Әзірбайжан құрамасы мен «Араз» клубын жаттықтырады. 2008 жылдан бері «Қайрат» бірде-бір мәрте Төрттік финалдан шет қалмады.

«Қайрат» 2007 жылдың күзінде Элиталық кезеңнің барлық үш матчында жеңіске жетті. Топта «Слов-Матик», «Топспорт» және «Хрудим» клубтарына еш мүмкіндік бермеді. Ал команданың құрамында Густаво, Самохвалов, Дантас, Рафаэль Дурвал, Какау, Дентинью, Бутрин, Пика Пау, Терентьев, Гарсездер доп тепкен.

Соқыр жеребе жартылай финалда «Қайратқа» ресейлік «ВИЗ-Синараны» қарсылас қылды. Алесионың командасы алғашқы таймда 1 бір доп айырмасымен жеңіп тұрған, алайда ойынның екінші бөлігінде жауапсыз төрт гол жіберіп алды. Ал үшінші орын үшін өткен ойында, тіпті, қақпасына бес гол жіберді. Ал ресейлік «ВИЗ-Синара» сол жылы УЕФА кубогының иегері атанды.

Сәуір айында Алматы ендігі УЕФА Чемпиондар лигасы деп аталатын турнирдің финалын үшінші мәрте қабылдайды. Оңтүстік астанамызда Еуропаның үздік төрт командасы бақ сынайды. Атап айтқанда, «Қайрат» (Алматы), «Барселона», «Спортинг» (Лиссабон) және «Интер» (Мадрид).

26 сәуір

Жартылай финал

18:45 - «Спортинг» - «Интер»

21:30 - «Барселона» - «Қайрат»

28 сәуір

18:45 - Үшінші орын үшін матч

21:30 - Финал

Түпнұсқасы: afckairat.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;