Қазақстандық AVANGAR киберспорт командасы әлемдік рейтингтегі жағдайын жақсартты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

CS:GO ойынынан әлемнің ең беделді турнирі Katowice Major-де AVANGAR плей-оффқа бір қадам жерден тоқтаған болатын. Негізгі кезеңде NRG және FaZe Clan командаларын жеңіп, team Liquid ұжымына есе жіберген. Ал плей-офф жолдамасы үшін өткен төртінші матча ENCE командасынан 16-7 есебімен жеңіл, Katowice Major турнирінен шығып қалған болатын.

9-11 орынға тұрақтаған қазақстандық ұжымның нәтижесі рейтингіге кері әсерін бермеді. Керісінше AVANGAR HLTV рейтингінде бірден төрт сатыға көтеріліп, 13 орынға жайғасты. Қазақстандық ұжым өткен айда 17 сатыда болатын.

Ал рейтингінің көшінде даниялық Astralis командасы тұр. Екінші сатыға Liquid ұжымы орналасқан. Ал үздік үштікті украиналық Natus Vincere командасы түйіндеп тұр.