3-12 наурыз аралығында өткен жаттығу жиынына Милад Карими, Аким Мусаев, Нариман Курбанов, Ербол Жантықов, Дмитрий Патаниндер қатысты.

Ал Токиодағы Олимпиада ойындарына лицензия тарататын Бакудегі дода 14-17 наурыз аралығында өтеді. Жарыс ережесі бойынша әрбір гимнастикалық снарядта бір елден екі спортшы бақ сынайды.