Қазақстандық Avangar CS:GO командасы соңғы екі жылда тек ТМД елдерінде емес, әлемге таныла бастады. Команданың жетістігі ауыз толтырып айтарлықтай. Тіпті, әлемдік деңгейдегі қарсыластарына тойтарыс беріп, жеңіп жүр.

Ақпан айында IEM Katowice Major 2019 турниріне қатысты. Жылдың ең айтулы шарасында қазақстандық ұжым негізгі кезеңге дейін өтті. Тек плей-офф кезеңіне бір қадам қалғанда жарыс жолын аяқтады. Негізгі кезеңде Faze Clan және NRG Esports секілді командалардан басым болып, тек Team Liquid және Na’Vi ұжымдарына есе жіберді. Ал Avangar-дың жарыс жолын аяқтауына себеп болған ENCE командасы финалға дейін жетті. 9-11 орындарды иеленген қазақстандық ұжым $8,750 пайда тапты. Осы жарыстан соң Avangar HLTV әлемдік рейтингінде 13 сатыға жайғасты.

Команданың көшбасшысы әрі капитаны Али «Jame» Джами. Турнирде команданы сүйреген, жанкүйерлердің көз айымына айналған Али Avangar-дың басты мергені.