Наурыздың 12-22 аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында республикалық үшінші қысқы Жастар ойындары өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған сында биатлоншылар да бақ сынайды. Жарысқа 1997-2004 жыл аралығында туған жас спортшылар қатысады.

Биатлоншылар аралас эстафета, жекелей сын, спринт, із кесушілер жарысы және эстафетадан өзара жеңімпаздарды анықтайды.