Денис Теннің ісі бойынша 4 жылға сотталған Жанар Толыбаева түрмеде босанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Дәрігерлердің айтуына, сәбидің денсаулығында кінәрат көп.

Денис Теннің анасы сотталушыларды қайта тергеуге істі прокуратураға өтініш жасап, жазасын қатайтуды сұрап отыр.

Өлімге кінәлі Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаевалар 17 қаңтарда сотталған болатын. Судья екі сотталушыны 18 жылға бас бостандығынан айырды.