Алматы қалалық соты Денис Тен ісі бойынша апелляциялық шағымды қарап жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Апелляциялық отырыста жәбірленуші тарап екі өтініш айтты.

Денис Теннің анасы сотталушылардың жазасын қатайтуды, атап айтқанда, алдын ала сөз байласу арқылы жалданып адам өлтіру бабын қолдануды сұрады. Осы мақсатта бірінші өтініш ретінде істі прокуратураға қайта жіберіп, қайта тергеуге өтініш жасалған.

Сонымен қатар, жәбірленуші тарап екінші өтініш ретінде сотқа алдыңғы отырыста жауап алынбаған куәларды шақыруды сұрады.