Сингапур елінде 2-9 наурыз аралығында өткен желкенді спорттан Азияның ашық чемпионатында қазақстандық спортшы алтыннан алқа тағынды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстан спортының тарихында Азияның ашық чемпионатында тұңғыш рет алтын медаль түсті. Руслан Жанғазов laser standard бойынша Азия құрлығында қарсылас шақ келтірмеді.

Сондай-ақ, Қазақстан намысын қорғаған Карина Жанғазова 8-ші, Владимир Щанкин 13-ші орыннан көрінді.