«Ақтөбе» футбол клубы сапына гвинеялық футболшы Ибраима Конте қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл туралы футболшы өнер көрсеткен белгиялық «Остенде» футбол клубы твиттер-парақшасында мәлімдеді.

Het laatavondjournaal: Ibrahima Conte vertrekt naar Aktobe in Kazachstan. Veel succes! pic.twitter.com/uzrGafeb95

— KV Oostende (@kvoostende) March 5, 2019

27 жастағы Конте жартылай қорғаушы, сонымен қатар, вингер болып та өнер көрсетпек.

Гвинея құрамасы сапында 30 ойын өткізіп, екі гол соққан.