Роман Мұртазаев елорда командасы жейдесіндегі нәтижелі пастар санын 17-ге жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты астаналық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, Мұртазаев осы көрсеткіштер бойынша Абзал Бейсебековты қуып жетіп, клуб тарихындағы ассистенттер тізімінде өзара 8-ші орынды бөлісіп тұр.

Ал үздік ондықта қазіргі құрамнан Серікжан Мужиков (26) пен Марин Томасов (24) бар.

«Астана» жаңа маусымды «Қайратқа» қарсы кездесумен бастап, 2:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Осылайша, елорда командасы Қазақстан Республикасы Суперкубогын төртінші рет жеңіп алды.