Түркияның Стамбул қаласында Ruhi Sarialp Jumping Events Indoor Cup ірі халықаралық турнирі аяқталып, қазақстандық спортшылар екі медаль иеленді деп хабарлайды Olympic.kz.

Биіктікке секіруден Антон Боднар күміс медель жеңіп алды. Оның ең үздік көрсеткіші – 2.18 метр. Юрий Дергачев 2.12 метр көрсеткішпен үшінші орынға тұрақтады.

Сондай-ақ, Ринат Қайсаров ұзындыққа секіруден алғашқы төрттік қатарынан көрінді.