Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы Prosports.kz сайтына «Ордабасы» футбол клубының 2019 жылғы бекітілген бюджеті қанша екенін мәлімдеді.

- «Ордабасы» клубының 2019 жылға бекітілген бюджеті 3,06 миллиард теңгені құрайды, - деп мәлімдеді қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті.

Осы маусымда «Ордабасыға» аз қаржымен үлкен жұмыстарды атқаруға тура келеді. Шымкент қаласы әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, биылғы бюджет былтырғыдан 15% -ға аз болмақ. Өткен маусымда шымкенттік клубтың бюджеті 3,5 млрд. теңгені құраған.

Осыған дейін, Prosports.kz сайты демеушілік есепті ескере отырып, жаңа маусымда «Ордабасы» клубының бюджеті кемінде 7 млрд. теңге көлемінде болуы мүмкін екенін жазған болатын.