Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Келесі кездесуімді күтіп жүрмін. Бұл жекпе-жек титул үшін өтсе, тамаша болар едіү рингте 10 немесе 12 раунд өткізуге дайынмын», - деп жазды боксшы өзінің Инстаграм желісінде.

Естеріңізге салсақ, өзінің соңғы жекпе-жегінде Әлімханұлы америкалық Стивен Мартинесті техникалық нокаутпен ұтқан болатын.