Алматы қаласында ММА бойынша тұңғыш біріккен Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ел біріншілігі Қазақстан ММА біріккен федерациялардың Қауымдастығы ұйымдастырды. Байрақты бәсекеге 230 спортшы қатысты. Үш күн бойы үздіктерді анықтаған чемпионат 16 ақпан күні аяқталды.

Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары ұлттық құрамаға алынып, сәуір айында Таиланд елінде өтетін Азия чемпионатына қатысады.

52 келі

Бағдат Жұбаныш (Ақтөбе облысы) - Ерұлан Қабдулов (Атырау облысы)