Қызылорданың «Қайсары» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында Ресейдің «Крылья Советов» (Самара) командасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойында «Крылья Советов» 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Қызылордалық клуб 15 ақпанда Болгарияның «Царско Село» және Грузияның «Вит» командаларымен шеберлік байқасады.

18 ақпанда Грузияның «Сабуртало», 21 ақпанда Түрікменстанның «Алтын Асыр» командаларымен кездеседі.