Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын аяқтаған «Ақжайық» футбол клубы 24 жасар қорғаушы Ерболат Рүстемовпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орал клубына Қызылорданың «Байқоңыр» командасынан келіп қосылған Ерболат футболшы мансабын 2014 жылы «Қайсардың» екінші құрамында бастады. Кейін клуб басшылығы оны «Байқоңырға» аыстырған.

Соңғы төрт маусымды «Байқоңыр» сапында өткізген футболшы 89 ойында 13 голдың авторы атанған.