UEFA-ның қазіргі президенті Александр Чеферин өзінің лауазымына қайта сайланды, деп хабарлайды prosports.kz

Бұл шешім бүгін Римде өткен 43-ші УЕФА конгресінде қабылданды. Словениялық маман енді Еуропа футболын 2023 жылға дейін басқарады.

Чеферин осы лауазымға жалғыз кандидат болды. Ол әрі FIFA-ның вице-президенті болып қалады.

51 жастағы маманды 55 еуропалық бірлестіктің 42-сі қолдап дауыс берді.

Айта кетейік, Чеферин UEFA басшысы қызметіне 2016 жылы алғаш рет тағайындалған.