Александр Чеферин UEFA президенті болып қайта сайланды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызUEFA-ның қазіргі президенті Александр Чеферин өзінің лауазымына қайта сайланды, деп хабарлайды prosports.kz
Бұл шешім бүгін Римде өткен 43-ші УЕФА конгресінде қабылданды. Словениялық маман енді Еуропа футболын 2023 жылға дейін басқарады.
Чеферин осы лауазымға жалғыз кандидат болды. Ол әрі FIFA-ның вице-президенті болып қалады.
51 жастағы маманды 55 еуропалық бірлестіктің 42-сі қолдап дауыс берді.
Айта кетейік, Чеферин UEFA басшысы қызметіне 2016 жылы алғаш рет тағайындалған.