Швецияның Оре қаласында тау шаңғысынан кезекті әлем чемпионаты өтіп жатыр деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер арасындағы супергигант бәсекесіне қазақстандық Сергей Данов та қатысқан болатын.

Біздің спортшы іріктеу кезінде 51-ші орыннан көрінді. Кейін төрешілер екі спортшыны жарыстан шеттеткен соң, Данов 49-шы орынға жайғасты.

Супергигант додасында италиялық Доминик Парис топ жарды. Күміс жүлдені француз Жоан Кларэ иеленсе, қола медаль Винсент Кричмайрдың еншісінде.