Кешегі «Ақтөбе» мен «Алашкерт» командалары арасындағы өткен матчта «ақ-қызылдардың» жартылай қорғаушысы Антон Шурыгин басынан жарақат алды. Бұл туралы клубтың ресми сайты жазды.

Медициналық штаб ойыншыны әзірге жаттығулардан босатты. Футболшы қазіргі уақытта керекті емін алып жатыр. Шурыгин 2-3 күннің ішінде қатарға қосылады деп жоспарланып отыр.