«Атырау» Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиыны аясында үш жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

8 ақпанда «мұнайшылар» косоволық «Фламуртари» клубымен күш сынасады.

11 ақпанда «Атырау» грузиялық «Диламен» ойнайды. Ал 14 ақпанда Виктор Кумыков шәкірттеріне словениялық «Мура» қарсылас болады.