Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегінен соң болашағы жайлы айтып берді.

Күні кеше АҚШ-тың Фриско қаласында Жәнібек Әлімханұлы қарсыласы қарсыласы америкалық Стивен Мартинесті (18-4, 13 КО) бесінші раундта теxникалық нокаутпен жеңді.

- Мықты қарсыласқа қарсы қолымнан не келетінін көрсеттім. Чемпиондық жекпе-жекке бір қадам жақындадым. Биылғы жыл мен үшін ерекше болмақ. Бұл менің «сапарымның» басы ғана, - деп келтіреді Жәнібек Әлімханұлының сөзін Boxing News сайты.

Бұл жеңісінен соң қазақстандық боксшы әлемдік рейтингіде (boxrec) 66 саты жоғарылап, үздік 100 боксшының қатарына қосылды.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы әйгілі Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқан тұңғыш қазақ. Кәсіпқой бокста өткізген 5 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен.