Бірінші орта салмақта WBO чемпионы Хайме Мунгия (32-0, 26 КО) 160 фунтқа көтеріліп, Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізбек, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Головкинмен жұдырықтасқым келеді. Келесі жылы 160 фунтқа көтерілемін. Бойым мен денем бар, бұл менің арманымдағы жекпе-жек болады», - деді Мунгия.

Айта кетейік, Головкин мен Мунгия былтыр кездесуі мүмкін болған. Алайда мамырда Невада штатының Спорт комиссиясы 21 жастағы мексикалық боксшының кандидатурасын қабылдамады.