Бүгін біз Қазақстанның еркін күресінін мектебіне, яғни Еркін күрестің Академиясының дәл ортасына кіріп, оның жетекшісімен Жеңіс Махашевпен бірге сұхбаттасатын боламыз.

-Сәлеметсіз бе! Еркін күрес Академиясының ерекшелігі неде, оның басты мақсаты қандай?

-Сәлеметсіз бе! Еркін күрес Академиясы 2017 жылы, Алматы қаласында ашылған. Академияның басты мақсаты-еркін және грек-рим күресінен Әлем және Олимпиада ойындарының жеңімпаздарын дайындау. Бүкіл Қазақстанның әр аумағынан жиналған ең мықты спортшылары осы жерде еркін күрестін қыр-сырын меңгеріп жатыр. Академия барлық жаттығуларға қажет жабдықтармен толық қамтылған. Осында жатақхана, спортшыларға арнайы тағам әзірленетін асхана, екі жаттығу залы бар. Орналасқан жеріміз де өте ыңғайлы: қаланың дәл ортасында,"Меркурий-Медет"емдік -сауықтыру кешені. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында бұрын сонды Еркін күрес Академиясы ашылған жоқ, сондықтан біз Отанымыздың атын бүкіл әлемге дүрліктіру үшін барлығын жасауға тырысамыз.

-Спортшылардың жасы нешеде? Еркін күрес Академияға түсуі үшін спортшы қандай қасиеттермен иемдену керек?

-Біздің Академиямыз жиырма бес жасқа дейінгі жастарға арналған, яғни осында 1993 жылдан бастап туған спортшылар үйреніп жатыр. Қазақстанның әр бір қаласында спорт интернаттары мен колледждері бар,бірақ колледждердін саны жеткіліксіз. Колледжге түспеген, әлеуметтік жағдайы төмен жастар Академияда оқуға мүмкіндік алады. Менің ойымша, осындай мүмкіндік жастарға зор пайдасын тигізеді, өйткені олар өзіне ұнайтын іспен айналысып жүр, өз білімдердін деңгейін арттырады.

-Дайындық қалай өтеді?

-Жаттығулары күнделікті түрінде өтеді. Спортшылардың басты міндеті- жалқаулыққа қарсы тұру,өзінде еңбексүйгіштікті және күреске қадірін тәрбиелеу. Мен Академияда қазаннан бастап жұмыс істеймін. Мен жаттықтырушысы ретінде спортшыларға үнемі көмектесуге,бар білімін беруге тырысамын,өйткені менің жүрегім олармен бірге лүпілдеп отыр. Біздің Еркін күрес Академиямыздан болашақ Олимпиада ойындарының шығатынына сенемін!