Аса ауыр салмақта WBF Super, WBO, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуа Деонтей Уайлдеге қарсы өткізген соңғы жекпе-жек жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлайды prosports.kz, BoxingScene-ге сілтеме бере отырып.

«Фьюримен қолғап түйістірсем, бұл ауқымды оқиға болар еді. Мен бұл жекпе-жектің болғаны қалар едім. Ал Тайсон мен Деонтей Уайлтердің кездесуіне келсек, мен ол кезде Фьюри жеңді деп топшыладым. Егер біз, қос британдық өз дивизионымыздың барлық титулдарын өзара сарапқа салсақ, керемет болар еді».

«Қалай десекте, дүйім жұрт алдында Фьюри чемпион болып қала бермек. Ол екеуміз әлемнің ең үздік үш боксшысының қатарындамыз, сондықтан ол чемпиондық белбеудің иегері болмаса да, онымен жұдырықтасқым келеді», - дейді BoxingScene-ге берген сұхбатында.