Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Сауль Альварес тарапынан жақсы ұсыныс түскенін айтты.Геннадий рингке көктемде оралады деп болжануда.

Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя Головкиннің промоутеріне хабарласып, ұсыныс айтты.

- Давид Лемье салмағын сәтсіз қуған. Мен Лемье шыққан жекпе жектен соң күндізгі жекпе жек болатынын білгем. Golden Boy мен DAZN бұл идеяны жақсы ойластырды. Осыдан кейін ойда жоқта Эрик Гомес хабарласып, Головкин Канеломен Мамыр айында төбелескісі келмей ме деп сұрады. Оның әлі шешім қабылдамағанын, бірақ доспарлап жүргенін айттым. Алдымен оған телеарнаға шығуын реттеуі керек. Одан кейін кіммен шығатынын шешеді. Геннадий жақсы қалыпта. Ол өз тағдырын бақылап жүр Оған жақсы-жақсы ұсыныстар түсіп жатыр, – дейді Леффлер.

Геннадий рингке көктемде оралады деп болжануда. Сәуір айында не мамырда шығуы мүмкін, бірақ қарсыласы белгісіз.