«Атырау» Әзірбайжан елінің «Кешля» командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Түркия жерінде өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында өткен матч 3:1 есебімен қазақстандық команданың пайдасына шешілді.

«Атырау» сапынан гол соққандар Дарко Бьедов, Қуаныш Қалмұратов және қаралымнан өтіп жатқан ойыншы.

Ертең «Атырау» болгариялық «Монтана» командасымен кездеседі.