Prosports.kz порталы өткен жартыжылдықта қазақстандық Премьер-лига клубтарының бюджетін зерттеді.

Қаражат бөлінісі: қайда, қалай, қашан? Жоғары лиганың кейбір клуб басшылықтары өздерінің қаржылық деректерімен бөліскісі келмеді. Бұл ақша бар жерден табылатын «Жемқорлыққа» спорт саласы да белшесінен батты деген сөз.

2015 жылы ҚФФ бұрынғы президенті Ерлан Қожағапанов федерацияның бюджеті ашық болатынын айтқан болатын, сонымен қатар Премьер-лиганың барлық клубтары басшылығына қаржысын ашық түрде жариялауды ұсынды. Бірінші уәдесі орындалды – федерацияның 2009 жылдан бергі қаржылық деректері порталында тұр. Алайда, клубтар ҚФФ президентінің сөзін құлаққа да ілмеді.

Бұрын тек кіріс пен шығысты қарастырған болсақ, енді мемлекет қаржысының қайда жұмсалып жатқанын бүге-шігесіне дейін қарастырмақпыз.