Салықтан жалтарғандығы үшін айыпталған туриндік спорт клубы «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду Мадрид соты алдында жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Реалдың» бұрынғы ойыншысы шартты түрде 23 айға сотталды және испандық билікке 19 млн еуро төлеу жөнінде келісімге келді.

Айта кетсек, Роналду 2011 -2014 жылдар аралығында 14,7 млн еуро сомасында салықтық алаяқтық жасады деп айыпталған болатын. Онда португалдықтың жасанды компаниялар арқылы өз табысын жасырғандығы көрсетілген.

Сондай-ақ, салықтық алаяқтықпен айыпталған «Реал» жасөспірімдер командасының бапкері Хаби Алонсо да айыпталған.