Эмилиано Саланың әкесі Орасио Сала жақсы хабардан үмітті, деп хабарлайды Prosports.kz «СЭ»порталына сілтеме жасап.

- Мен сене алмай отырмын. Әрі қарай не болатынын білмеймін, - дейді Орасио Сала Get French Football News порталына берген сұқбатында - Жақсы жаңалықтан үміттімін. Біз үшін, ол үшін де «Кардиффке» ауысқаны үлкен қадам болды.

Эмилиано Сала Францияның «Нант» командасынан «Кардифф Ситиге» ауысқан жаңа командасына барар жолда іс-түзсіз жоғалып кетті.

Шетелдік ақпарат құралдарының жазуынша, футболшы 21 қаңтар күні жергілікті уақыт сағат 21:00-де Уэльске келуі керек болатын. Алайда, болжанған уақыттан бір сағат бұрын ұшақ радардан жоғалып кеткен. Содан бері еш хабар жоқ. Оны іздеу үшін екі тікұшақ пен бірнеше іздеу кемелері жіберілді.