«Арсенал» футбол клубының қорғаушысы Эктор Бельерин осы маусымда енді алаңға шыға алмайды, деп жазады prosports.kz.

23 жастағы футболшы Англия Премьер лигасының 23-ші туры аясында «Челсиге» қарсы ойында ауыр жарақат алған болатын.

Ол енді 6-9 ай бойы жарақатын емдетеді.