Павлодарлық «Ертіс» македониялық «Вардарды» ұтып кетті.

Жолдастық кездесуде қазақстандық команда 2:1 есебімен жеңіске жетті. Айта кету керек, «Вардар» Македония біріншілігінде екінші орын алған болатын. Келесі ойында керекуліктер калининградтық «Балтикамен» кездеседі.