Қазақстандық қақпашы Джурахон Бабаханов көкшетаулық «Оқжетпеске» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.
Джурахон жамбылдық футболдың түлегі саналады. 2014 жылы «Тараз» сапында Премьер-лигадағы дебютін өткізді. «Жетісу» (Талдықорған), «Ертіс» (Павлодар) және «Оқжетпес» командаларында ойнады.
27 жастағы голкипердің «Оқжетпеспен» еңбек келісімі жыл соңына дейін жасалған.
Комментарии