WBO нұсқасы бойынша жартылай салмақта өнер көрсететін Теренс Кроуфорд кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін 20 сәуірде өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы - екі салмақ категориясындағы бұрынғы әлем чемпионы Амир Хан.

Top Rank президенті Боб Арумның хабарлауынша, жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында немесе Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.

Кроуфорд 34 рет жеңіске жеткен, ешқашан жеңіліп көрмеген. Хан 33 рет жеңіске жетіп, 4 жекпе-жегінде жеңілген.