BoxRec.com сайты салмақ дәрежелеріне қарамастан (pound-for-pound) әлемдегі үздік боксшылар тізімін жаңартты.

Бірінші орында бұрынғыдай мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес болса, екінші орында - Америка боксшысы Теренс Кроуфорд. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин рейтингіңің бесінші сатысынан үшіншіге көтерілді. Одан кейін Украина өкілі Василий Ломаченко мен британиялық Энтони Джошуа орналасқан.