Журналист қауымына Алматыда құрмет көрсетілді, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазақ спортының қара шаңырағында футзалдан ақын-жазушылар мен тілшілер турнир басталды.

Бүгінде «БАҚ лига» деп аталатын бәсекенің өзіндік ерекшеліктері бар. Алдымен сол туралы. Жарысқа қатысатын командаларға әдеттегідей газет-журнал немесе телеарналардың атауы емес, «Айбын», «Жігер», «Тұлпар», «Қыран», «Бірлік» «Намыс» секілді қазақи атаулар берілді.

Қайрат Закирьянов, қазақ спорт және туризм академиясының президенті:

– Журналистер үлкен бір бастаманы қолға алып отыр, бұл құптарлық шара. Жастарға үлгі боларлық іс. Елбасы бұқаралық спортты дамыту керектігін жиі айтады. Егер қалам ұстағандар бізді насихаттап қана қоймай, осылай өзгелерге үлгі болып жатса, онда қазақ спортының болашағы жарқын деп ойлаймын.